Семейдегі Көрме орталығын 2027 жылғы қыркүйекте пайдалануға беру жоспарлануда
Семейдің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында ауданы 3 682 шаршы метр екі қабатты Көрме орталығы салынып жатыр, іргетасы құйылып қойды.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы Көрме орталығының құрылыс алаңында болды. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып жатыр, бұл Түркістан облысының Абай облысына сыйы.
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 3 682 шаршы метрді құрайды. Орталық көрмелер, мәдени және іскерлік іс-шаралар, конференциялар, форумдар мен қоғамдық кездесулер өткізуге арналған көпфункциялы кеңістік болады. Ол 120 адамға есептелген.
Нысанда іргетас құю жұмыстары аяқталды. Мердігер ұйым орталықты келесі жылдың қыркүйегінде пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Источник: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі



