Семейде 2027 жылы үстел теннисі орталығы ашылады
Семейдің әкімшілік-іскерлік орталығындағы үстел теннисі орталығын келесі жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдің әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан үстел теннисі орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында тұрғызылуда, бұл – Павлодар облысынан өңірге берілген сыйлық.
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2 580 шаршы метрді құрайды. Мұнда басты холл, медициналық кабинет пен күзет бөлмесі, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар, төрешілер және әкімшілік кабинеттері, көрермен трибуналары орналасады. Орталық 96 адамға есептелген.
Нысанда инженерлік желілерді тартып, жер жұмыстарын аяқтады, келесі кезеңде металл конструкцияларын монтаждау жүргізіледі. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс бекітілген кесте бойынша жүріп жатыр. Пайдалануға беру келесі жылдың көктемінде жоспарланған.
Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Источник: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі



