3 тамыздан бастап Семейден Астанаға ұшақ ұшады
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
«Семей – Астана – Семей» рейстерін Vietjet Qazaqstan авиакомпаниясы ашады, билеттер 20 мың теңгеден басталады.

3 тамыздан бастап «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсі жұмысын бастайды. Жолаушыларды 78-ден 84-ке дейін орындық сыйымдылығы бар Bombardier Q-400 ұшағы тасымалдайды. Рейстерді «Vietjet Qazaqstan» авиакомпаниясы орындайды.
Аптасына төрт рет — дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшуға болады. Билеттер 20 мың теңгеден сатылады.
Әкімдікте Семейден елдің ірі қалаларына ұшатын әуе рейстерінің саны артып келе жатқаны атап өтілді.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



