konkretno.kz

Қытай авиакомпаниясы Семейге рейс ашуы мүмкін: Қазақстан бағыт ұсынды

KРедакция konkretno.kz · Обновлено

«Urumqi Airlines» компаниясымен кездесуде қазақстандық тарап Семей мен Өскеменге рейстер ашуды қарастыруды ұсынды.

Қытай авиакомпаниясы Семейге рейс ашуы мүмкін: Қазақстан бағыт ұсынды
Фото: Иллюстрация konkretno.kz

Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев «Urumqi Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Чжан Лянмен кездесті. Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша тұрақты рейстер ашу жоспарын хабарлады.

Қазақстандық тарап Өскемен мен Семейге рейстер ашу мүмкіндігін, ал болашақта өңірдің басқа қалаларына да рейс ашуды қарастыруды ұсынды.

Семейге рейс ашу туралы шешім әзірге қабылданған жоқ, әңгіме тек ұсыныс жайында болып отыр.

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Абай облысының әкімдігі