konkretno.kz

Семейлік BMW-мен мас күйінде жүргені үшін 7 жылға құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды

KРедакция konkretno.kz

BMW-320 көлігін мас күйінде басқарған 36 жастағы семейліктің жүргізуші куәлігін сот 7 жылға тартып, 15 тәулік қамауға алды.

Семейлік BMW-мен мас күйінде жүргені үшін 7 жылға құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамалды
Фото: Фото: Акимат города Семей

Абай облысында полицейлер мас күйінде BMW-320 автокөлігін басқарған 36 жастағы семейлік тұрғынды тоқтатты.

Сот шешімімен ер адам көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылды. Сонымен қатар оған 15 тәулік әкімшілік қамау тағайындалды.

Полицейлер мас жүргізуші өзін ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларын да қауіпке төндіретінін еске салды. Көліктің маркасы мен жүргізушінің жеке басы заң алдында ешқандай артықшылық бермейді.

Бұл туралы Абай облысының ПД хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Абай облысының ПД