konkretno.kz

Семейдің жаңа іскерлік орталығында 4 800 шаршы метрлік Медиаорталық салынып жатыр

KРедакция konkretno.kz

Семейде төрт қабатты Медиаорталық «Абайға құрмет» акциясы аясында салынуда, құрылысты келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Семейдің жаңа іскерлік орталығында 4 800 шаршы метрлік Медиаорталық салынып жатыр
Фото: Фото: Пресс-служба акима области Абай

Семейдің жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында Медиаорталықтың құрылысы жалғасып жатыр. Бұл – Алматы қаласының өңірге «Абайға құрмет» акциясы аясындағы сыйы. Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төрт қабатты ғимараттың жалпы ауданы 4 800 шаршы метрді құрайды. Мұнда бейне және аудио студиялар, бейнемонтаж бен аудиоӛңдеуге арналған орындар, конференц-зал, кинозал және коворкинг аймақтары орналасады. Сондай-ақ демалыс орындары, кафе және медиакітапхана қарастырылған, ал аумақта журналистер аллеясы пайда болады.

Құрылыс алаңында жер жұмыстары толық аяқталды, қазір екінші қабат қабырғаларының арматуралық қаңқасы орнатылуда. Жоба бойынша құрылысты келесі жылдың соңына қарай аяқтау жоспарлануда.

Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс барысымен танысып, жұмыстың уақтылы әрі сапалы аяқталуының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Медиаорталық облыс орталығының бұқаралық ақпарат құралдарын біріктіріп, оларға заманауи талаптарға сай жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Бұл туралы Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі