Семейдің автобус паркі 20 жаңа Yutong автобусымен толықты
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Семейдің қалалық маршруттары үшін сыйымдылығы 65 жолаушылық 20 жаңа автобус сатып алынды.

Семейдің автобус паркі жаңарды: «Таксомоторлық парк» ЖШС «Yutong ZK6890HGO» маркалы 20 жаңа автобус сатып алды. Кәсіпорын №1, 3, 16, 18, 22, 24, 26, 28, 29, 34, 36, 52 және 55 әлеуметтік маңызды маршруттарға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Әр автобустың сыйымдылығы — 65 жолаушы. Қалалық маршруттардағы жаңа техникамен облыс әкімі Берік Уәли танысты.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



