Семейде Toyota RAV4 капотында жүрген жолаушы мен жүргізушіге айыппұл салынды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Полиция қатысушыларды әлеуметтік желідегі бейнежазба арқылы анықтап, екеуін де әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Семейде полиция қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізуші мен жолаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оқиға 14 шілдеде Қарағайлы шағын ауданында болған.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция жолаушының қозғалыстағы Toyota RAV4 автокөлігінің капотында отырған бейнежазбасын анықтады. Қатысушылардың жеке басы жедел анықталды.
Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Источник: Абай облысының Полиция департаменті



