Семейде 7 тамызға дейін ондаған үйде ыстық су өшіріледі
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа байланысты ыстық су 31 шілдеден 7 тамызға дейін уақытша өшіріледі.

Семейде 31 шілдеден 7 тамызға дейін бірқатар мекенжай бойынша ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Себебі — «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС мен «Alyans XXI» ЖШС мердігер ұйымдары жүргізіп жатқан 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары.
Мекенжайлар арасында Аманов көшесі (10, 12, 19, 22, 23, 25-үйлер), Ибраев көшесі (152, 155, 156, 157, 159, 165, 181), Қозбағаров көшесі (5А, 38) және Достоевский көшесі (110, 118 және басқалары) бар. Толық тізімді әкімдіктің жарияланымынан қараңыз.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі «Теплокоммунэнерго» МКК-ға сілтеме жасап хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



