Семейде 7–21 қыркүйек аралығында ыстық су уақытша өшіріледі
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетіндіктен, қаланың екі жағалауындағы үйлерде ыстық су уақытша өшіріледі.

«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылғы жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында Семейдің оң және сол жағалауындағы магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізеді.
Жұмыс кезінде тұрғын үйлер мен нысандарға ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Сынақтан сәтті өтіп, ақау анықталмаған учаскелерде ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



