Семейде 25 қазанда Бейбітшілік аралында ту көтеріліп, концерт өтеді
KРедакция konkretno.kzАвтор
Опубликовано
Республика күні Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңында сағат 10:30-да Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтіп, одан кейін концерт басталады.

Семейде 25 қазанда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтерудің салтанатты рәсімі өтеді. Ол сағат 10:30-да Бейбітшілік аралындағы Рәміздер алаңында басталады.
Мерекелік бағдарлама «Мәңгілік жаса, қыран елім – Қазақстан!» концертімен жалғасады. Сахнада Өмірқұл Айниязов, Үшкін Жамалбек, Ақбота мен Серікболдың дуэті, сондай-ақ «ETHNO ARLAN» және «Семсер» топтары өнер көрсетеді.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік іс-шараларға қатысуға шақырады.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



