Семейде 20 отбасы пәтер кілтін алды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Пәтерлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және толық емес отбасыларға табысталды.

17 қыркүйекте Семейде 20 отбасыға пәтер кілті салтанатты түрде табысталды. Тұрғын үйді әлеуметтік осал топтағы азаматтар, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және толық емес отбасылар алды. Рәсімге облыс әкімі Берік Уәли қатысты. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
2025 жылы облыс орталығында 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Олардың бір бөлігі Морозов көшесіндегі заманауи «Тарлан» тұрғын үй кешенінде орналасқан.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



