konkretno.kz

Семейде қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастауға қарсы рейдтер жалғасуда

KРедакция konkretno.kz

Қалалық әкімдік рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау деректерін анықтау және оның алдын алу бойынша рейдтер өтіп жатқанын хабарлады.

Семейде қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастауға қарсы рейдтер жалғасуда
Фото: Фото: Акимат города Семей

Семейде рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау деректерін анықтау және алдын алу бойынша рейд іс-шаралары жалғасуда.

Көркейту қағидаларын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Тұрғындарды қоқысты тек арнайы бөлінген орындарға тастауға шақырады. Бұл бағыттағы рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Семей қаласының әкімдігі