Семейде Қаржаубайұлы көшесі, 243 мекенжайындағы абаттандырылған аула пайдалануға берілді
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Қаржаубайұлы көшесі, 243 мекенжайындағы үй тұрғындарына жаңартылған аула табысталды.

Семейде 13 тамызда Қаржаубайұлы көшесі, 243 мекенжайындағы абаттандырылған аула тұрғындардың игілігіне берілді. Қалада аулаларды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Бұған дейін аулаға Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы барып, жұмыстың барысымен танысқан болатын. Ол жауапты тұлғаларға жұмыстарды сапалы атқарып, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауды тапсырды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



