Семейде қала күніне арналған концертте 12-ден astam бала адасып қалды, полиция бәрін тапты
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Мерекелік концерт кезінде адам көп жиналған жерде 12-ден астам бала ата-анасынан адасып қалды, полицейлер оларды отбасыларына тез қайтарды.

Семейде қала күнін атап өту кезінде полицейлер қоғамдық тәртіп пен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Мерекелік концерт кезінде адам көп жиналған жерде 12-ден астам бала ата-анасын көзден таса қылып алды. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Полицейлер әр өтінішке жедел жауап беріп, қысқа уақытта барлық баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Адасқандардың арасында екі жасар шамасындағы сәби де болған.
Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Источник: Абай облысының ПД



