Семейде ядролық полигон жабылғанына 35 жыл толуына орай бейбітшілік акциясы өтті
Бейбітшілік аралында «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ядролық сынақ құрбандарының рухына құрмет көрсетілді.

29 тамызда Семейдегі Бейбітшілік аралында бейбітшілік акциясы өтті. Акция Семей ядролық сынақ полигоны жабылғанына 35 жыл толуына және Ядролық сынаққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналды.
Акцияға Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты. Ол қоғамдық ұйымдардың өкілдері және шетелдік қонақтармен бірге «Өлімнен күшті» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қатысушылар ядролық сынақ құрбандарының рухына құрмет көрсетті.
Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ядролық сынаққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне орай үндеуі жарияланды. Онда дәл 35 жыл бұрын Семей полигоны жабылғаны еске салынды.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



