Семейде Сеченов және Джангильдин көшелері жөндеуден өтіп жатыр
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Облыс әкімі Семейдегі екі көшеде жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Онда екі қабатты асфальтбетон төселетін болады.

Семейде жолдар мен аулаішілік өтпелерді жөндеу, сондай-ақ тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Берік Уәли Сеченов және Джангильдин көшелеріндегі жұмыстардың барысымен танысты.
Джангильдин көшесіндегі жөнделетін бөліктің ұзындығы 1,5 шақырымды, Сеченов көшесінде 800 метрді құрайды. Орташа жөндеу аясында екі көшеге де жалпы қалыңдығы 12 сантиметр болатын екі қабатты асфальтбетон жабыны төселуде.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



