Семейде реттелетін өткелде 69 жастағы әйелді көлік қағып, қаза болды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Toyota Land Cruiser жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесінен Абай көшесіне бұрылғанда жаяу жүргіншіні қағып кетті, әйел оқиға орнында қайтыс болды.

8 қыркүйекте сағат 12:00 шамасында Семейде Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен. Ол реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті хабарлады.
Источник: Абай облысының ПД



