Семейде көмір жеткілікті: бір тоннасының орташа бағасы 18 500 теңге
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Билік тапшылық жоқ екенін мәлімдеп, бес ірі сату нүктесін атады.

Семей қаласында көмір қоры жеткілікті, тапшылық байқалмайды. Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ететін 5 ірі сауда нысаны жұмыс істейді. Бір тоннасының орташа бағасы — 18 500 теңге.
Сату мекенжайлары: «Жігер» ЖШС — Знаменка тасжолы (Западный өнеркәсіптік торап, 25/1а) және Восточный кенті; «Семей көмір» ЖШС — 654-ші шақырым, 15; «Востокугольпром» ЖШС — Западный өнеркәсіптік торап, 13; «Нұралинов» ЖК — Западный өнеркәсіптік торап, 30/4.
Тұрғындарға қысқа алдын ала дайындалып, көмір сатып алуды кейінге қалдырмауға кеңес беріледі.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



