Семейде инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Семейде «Абайға құрмет» акциясы аясында инклюзивті спорт кешенінің іргетасы қаланды.

Семейде 11 тамызда инклюзивті спорт кешенінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Нысан Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынады.
Шараға облыс әкімі Берік Уәли мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шынқысбаева қатысты. Өңір басшысы жаңа спорт нысанының маңыздылығын және мемлекеттің инклюзивті спортты дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



