Семейде жаңа көпірдің жанында асфальт төселетіндіктен Шәкәрім даңғылы жабылды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
2 қыркүйектен сағат 22:00-ден бастап Шәкәрім даңғылындағы Шмидт пен Абай көшелерінің аралығында қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Семейде автожол көпірін салу жобасы аясында қаланың оң жағалау бөлігінде асфальт төсеу бойынша қорытынды жұмыстар жүргізілуде. Шәкәрім даңғылындағы Шмидт көшесінен Абай көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс 2 қыркүйектен сағат 22:00-ден бастап уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Жұмыстарды Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы орындап жатыр. Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала ойластырған жөн.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



