konkretno.kz

Семейде Ертіс арқылы салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысы 85 пайызға орындалды

KРедакция konkretno.kz · Обновлено

Ескі арба-автожол көпірінің жанында құны 47,3 млрд теңге болатын төрт жолақты көпір салынып жатыр, тоғыз тіректің сегізі тұрғызылды.

Семейде Ертіс арқылы салынып жатқан жаңа көпірдің құрылысы 85 пайызға орындалды
Фото: Фото: Акимат области Абай

Облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі ескі арба-автожол көпірінің қасында салынып жатқан жаңа автокөлік көпірінің құрылыс барысымен танысты. Бүгінде құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

Көпір қозғалыстың төрт жолағына арналған. Оның ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болады. Нысанның жалпы құны — 47,3 млрд теңге.

Жобада көзделген тоғыз тіректің сегізі тұрғызылды. 9 мың тонна метаlл конструкцияның 8,5 мың тоннасы орнатылды.

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Абай облысының әкімдігі