Семейде Абай және Жангелдин көшелері жөндеуде: 4,3 км жол жаңа асфальт жамылғысына ие бола
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
Екі көшеде де ескі жабын алынып, қалыңдығы 12 см екі қабатты асфальт төселуде.

Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасымен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Қазір жұмыс Абай және Жангелдин көшелерінде жүріп жатыр.
Екі көшеде де ескі асфальт жабыны алынып, жалпы қалыңдығы 12 см болатын екі қабатты жаңа жабын төселуде. Абай көшесінде 2,7 км жол жөнделіп, жиектастар толық жаңартылады. Жангелдин көшесінде жөндеу 1,6 км учаскеде жүргізіледі.
Бұл туралы Семей қаласының әкімдігі хабарлады.
Источник: Семей қаласының әкімдігі



