konkretno.kz

Семейде «Абайға құрмет» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

KРедакция konkretno.kz · Обновлено

Кешен Президенттің қолдауымен өтіп жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынды.

Семейде «Абайға құрмет» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Фото: Фото: Акимат области Абай

Семейде 22 тамызда дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынған.

Ашылуға Абай облысының әкімі Берік Уәли және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев бастаған делегация қатысты. Құттықтау сөзінде әкім кешеннің ашылуын өңіраралық ынтымақтастықпен байланыстырды.

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.

WhatsAppTelegram

Источник: Абай облысының әкімдігі