Семейдегі «PANA» қонақүйінде жазушыларға арналған бөлмелер ашылды
KРедакция konkretno.kz · Обновлено Автор
Опубликовано Обновлено
1890 жылғы тарихи ғимаратта орналасқан қонақүй кешенінде жазушыларға арналған бөлмелердің ашылу рәсімі өтті.

Былтыр желтоқсанда Семейде «Туған жерге туыңды тік» форумында 1890 жылғы тарихи ғимарат жаңғыртылғаннан кейін «PANA» қонақүй кешені ашылған болатын. Енді онда жазушыларға арналған бөлмелер салтанатты түрде ашылды.
Рәсімге Абай облысының әкімі Берік Уәли, жобаны жүзеге асыруға үлес қосқан кәсіпкер Сырымбек Тау және жазушы-драматург Роллан Сейсенбаев қатысты.
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Источник: Абай облысының әкімдігі



